Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана (ҰҚҰҒЗ) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 436 «Ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханаларын ашу үшін ғылыми ұйымдарды (жоғарғы оқу орындары) анықтау туралы» бұйрығына сәйкес 2009 жылы құрылды.
Зертхана машинажасау, энергетика, ауылшаруашылық өндірісі, химиялық және қайта өндіру өнеркәсібі үшін инновациялық технологияларды дамыту, сондай-ақ ғылымның түрлі бағытында: материалтану, физика, химия, экология және биология салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін арналған ұжымдық қолданыстағы ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
ҰҚҰҒЗ-ның негізгі мақсаты ғылым мен техниканың дамуы үшін ғылыми-зерттеу, технологиялық және инженерлік инфрақұрылымды құру, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдарға ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды атқаруға зертхана қондырғыларына ашық қолжетімділікті қамтамасызету болып табылады.
Зертхана миссиясы елдіңинновациялықдамуынаүлесқосатын өзектіғылымимәселелердішешетінәлемдікдеңгейдегі заманауиғылыми-зерттеуорталығынқұру
